Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, 6,5 балл болған жер сілкінісінің ошағы Юньнань провинциясы, Чжаотун қаласы, Лудянь аймағы болып отыр. Жер апатының салдарынан қазір онда 12 мыңға жуық тұрғын үй және 30 мыңнан астам ғимарат қираған.
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Соңғы ақпарат бойынша, Қытайдың Юньнань провинциясы, Чжаотун қаласы маңындағы жер сілкінісінен кем дегенде 150 адам қаза болып, 1300 адам жараланды. Сондай-ақ, 180 адам жоғалып кеткен.