Қытай Премьер-министрі Ли Кэцян төтенше жағдайға жауапты құзырлы орган басшыларымен оқиға орнына барды. Апат аймағына барлық керек-жарақтар жөнелтілген.
Мұндай жер сілкінісі Юньнань аймағында 14 жылдан кейін қайталанып отыр. Айта кетейік, Қытайдың Юньнань провинциясы, Чжаотун қаласы, Лудянь аймағына жергілікті уақытпен сағат 16-30 шамасында 6,5 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан 12 мыңға жуық тұрғын үй және 30 мыңнан астам ғимарат қираған. Бұған дейін 150 адам қайтыс болып, 1300-ге жуығы жараланғаны және 180 адам жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.