Айта кетейік, Қытайдың Юньнань провинциясы, Чжаотун қаласы, Лудянь аймағына жергілікті уақытпен сағат 16-30 шамасында 6,5 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан 12 мыңға жуық тұрғын үй және 30 мыңнан астам ғимарат қираған. Бұған дейін 221 адам қайтыс болып, 1300-ге жуығы жараланғаны және 180 адам жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.