Қытайдан 208 келі заңсыз тауарды вагонға жасырып әкелмек болған азамат ұсталды - ҚР ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Достық» бақылау-өткізу бекетінің теміржолдық бөлімшесінде «Үрімші - Алматы» поезын шекаралық бақылаудан өткізу барысында контрабандалық жолмен жүк өткізуге тырысқан қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, аталған азамат 13-вагонның үш бірдей купесінің жоғарғы және астыңғы сөрелеріне жасырған заттарының (киім-кешек, азық-түлік, автокөлік дөңгелектері т.б.) құжаттарын көрсете алмады. Жүктің жалпы салмағы 208 кг болып шықты.

Аталған дерек бойынша материалдар Достық станциясындағы көліктік прокуратураға тапсырылды.