«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығынан Отанына жаяу келе жатқан 32 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Ұсталған азаматшаның қол жүгін тексеру барысында 70 ішік табылды. Бұл жайында өзара әрекет етуші органдардың өкілдеріне ақпарат берілді»,- делінген таратылған ақпаратта.
10:26, 17 Қараша 2017
Қытайдан 70 тері ішікті заңсыз әкеле жатқан әйел ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасында тері бұйымдарының ірі көлемі анықталды. Бұл жайында ҚР ҰҚК Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.