Қытайдан елімізге 3 центнер контрабандалық дәрі-дәрмек өткізбек болған
14:09, 14 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары қазақстандық азаматшаны ұстады.
Шекаралық тексеру барысында отандасымыз елімізге қарай алып өтпек болған салмағы 3 центнерден асатын (330кг) дәрі-дәрмегіне қажетті құжаттарды көрсете алмады.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.