«Бекет» жедел-алдын-алу іс-шараларының барысында «Достық» кеденінің қызметкерлері контрабандалық тауарлардың елге өтуіне жол бермеді, деп хабарлайды ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметінен.
Кідіртілген тауарлардың құны 29,7 млн.теңгені құрады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан кедені сенім қағидасына және парасатты трейдерлер үшін кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, сондай-ақ «жасырын» контрабандашыларға қатысты кедендік бақылаудың күшейтілген шараларына сүйене отырып «Бекет» операциясын өткізуде.