Қытайдан келген контрабандашы Қырғызстаннан 18 алтын кесегін алып шықпақ болған

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қытай елінің азаматы контрабандалық жолмен Қырғызстаннан алтынның 18 кесегін алып шықпақшы болған.

Бұл туралы республика Кедендік қызметінің баспасөз хатшысы Абдылда Малдыбаев мәлім еткен, деп хабарлайды утро. ру.

Малдыбаевтың берген мәліметіне қарағанда, қытайлық азамат 6 наурызда Бішкек-Үрімші бағыты бойынша халықаралық «Манас» әуежайынан ұшқан. Азаматты тексеру барысында оның жүк сөмкесінен әртүрлі пішіндегі алтынның 16 кесегі табылған. Сондай-ақ, сырт киімнің қалтасынан тағы да 2 алтын құймасы табылды. Алтынның жалпы салмағы 520 грамм. Контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.