Қытайдан контрабандалық жолмен телефондар алып өтпек болған әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары елімізге заңсыз жолмен ұялы телефондарды өткізбек болған Қазақстан азаматшасын ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

«Жасы қырықтың үстіндегі жерлесіміздің олжасын санағанда 301 данаға жетті. Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-тармақшасы бойынша тергеу алды амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.