Жасанды тұздықтар шығаратын фабриканың барлық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін көптеген жыл уақыт кеткен. Адам өміріне қауіп төндіретін өнімдердің санитарлық талаптарға мүлдем сай келмейтін тозығы жеткен ескі цехтарда жасалғандығы анықталды.
Сонымен бірге заңсыз зауыттың жұмысшылары көрші зауыттардың өндірісінен қалған қалдықтарды пайдаланған. Жасанды соустарда пайдалануға тыйым салынған канцерогенді элементтерді қолданған.
Жасанды соустар Қытайдың барлық аумағына тараған және жылына 14 миллион доллар табыс әкелген. Қазіргі таңда қауіпті өнімдерді өндіргені үшін бірнеше адам тұтқындалды.