Қытайдың автокөлік брендтері Қазақстанда зауыт ашуға қызығушылық танытуда - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан осында зауыт ашқысы келетін қытайлық үш автомобиль брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейінгі баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл тұрғыда Қытайдың танымал брендтері қамтылмақ.

Сонымен қатар Қ. Өскенбаев елімізде көлік алуға төмен пайызбен несие беру бағдарламасы аясында қалыптасқан кезекке қатысты пікір білдірді.

«Осы орайда елімізде шығарылатын көлік санын арттырып жатырмыз және отандық өндірістегі автомобильдерге сұраныс өсіп келеді. Атап айтқанда, елімізде шығарылатын көлік санын әлі де көбейту керек», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қайырбек Өскенбаев елордадағы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді.