Қытайдың Айды зерттеуге арналған аппараты Жерге алғашқы фотосуреттерді жібере бастады

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - 37 жылдың ішінде Жер серігіне алғаш жеткізілген, яғни Ай бетінде жүруге арналған аппарат алғашқы фотосуреттерді жібере бастады.

Қытайлық зерттеу аппараты Айдың бетіне жексенбі таңертең шықты.

ҚХР-дың ғарыш агенттігі елдің туы бекітілген аталған аппарат фотосуреттерін тарата бастады. Туды робот жақын арада Жер серігінің бетінде орнастыруы тиіс.

Сағатына 200 метрге дейін жылдамдықпен жүре алатын бұл аппарат Айдың геологиялық құрылымы мен оның қабатын зерттеумен айналысады. Үш айға созылатын зерттеуден кейін «Чанъэ-3» ғарыш кемесі топырақ үлгілерін алып Жерге оралады.