«Қытайдың тату көршісі ретінде Қазақстан халқы қытайлықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды. Мен барша Қытай халқына зор денсаулық пен бақыт тілеймін. 19- съезде қойылған мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізуді тілейміз», - делінген Елбасы құттықтауында.
Қазақстан Президенті ТВ арқылы Қытай халқын алдағы мерекемен құттықтаған шетелдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болды. Сондай-ақ, құттықтауды Қытайдың басты телеарналарының бірі - CCTV-1 арнасында таратты.
Айта кетерлігі, ертең, жұма күні кешкісін қытайлық Жаңа жылдың бірінші күнінде CCTV және CGTN арналары Қазақстан Президентінің толық сұхбатын көрсетеді.
Бұл оқиға Қытайдың ақпараттық кеңістігіне еліміздің ауқымды медиа шығуларының бірі болып отыр.