Қытайдың батысындағы Үрімжіде жарылыс болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында жарылыс болды.

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, келеңсіз жағдай жергілікті уақыт бойынша таңғы сегізде болған. Қаза тапқандар және оның орын алу себептері жайлы деректер жоқ. Оқиға орнында мамандар бригадасы жұмыс істеуде, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.