Шенеунікке қатысты тергеу амалдары 2013 жылдың соңында басталған. Цао Цзяньляо қызметін 2007 жылдан бері атқарған. Ол сот алдында Шэньчжэнь қаласында жауап берді.
Елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ірі көлемдегі науқан 2012 жылы билік басына ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келуімен басталды. Қытай жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықтың жаһандық желісін құруға талпынып, қылмыстық істерде халықаралық құқықтық көмекке қатысты заңнамалық актілерді шығару мәселесін қарастырады.
Қазіргі кезде ресми Бейжің шетелдік мемлекеттермен қашқын шенеуніктерді экстрадициялау туралы белсенді келіссөздер жүргізуде.