Ғарыш аппараты Бейжің уақыты бойынша сағат 01.59 кезінде Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономды ауданының аумағына қонды.
Қытайдың ұлттық ғарыш басқармасынан (CNSA) хабарлағандай, бұл ғарыш сапарының аяқталуы – Айды зерттеу жұмысы бағдарламасының жоспары сәтті аяқталғанын білдіреді. Бағдарлама үш мақсатты көздеген еді: Айды айналып ұшу, Айға қону және Айдың топырақ үлгісін жерге жеткізу. Бағдарлама 2004 жылы басталған болатын.
Еске сала кетсек, «Чанчжэн-5» зымыраны 24 қарашада Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралы провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан «Чанъэ-5» зондын алып ұшқан еді. Орбиталық модульден тұратын зондтың ұшып қонатын кешені 1 желтоқсанда Айдағы Рюмкер шыңының Борандар мұхитының солтүстігіне қонды. 6 желтоқсанда Айдың топырағын алып ұшқан аппарат Жерге оралатын модульмен түйісті .