Қытай төрағасы Си Цзиньпин Универсиаданың ашылғанын жариялады. Қазақстандық спортшылар Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың ашылу салтанатында делегациялар шеруінен өтті. Универсиадада 18 спорт түрінен 269 жүлде жинағы ойналады. Қазақстанның 90 спортшыдан тұратын студенттік командасы спорттың 10 түріне қатысады: садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу, дзюдо, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, оқ ату, ушу.
Қытай үшінші рет Дүниежүзілік жазғы Универсиаданы өткізіп жатыр, бұған дейінгі ойындар 2001 жылы Бейжіңде және 2011 жылы Шэньчжэньде өткен болатын. 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Чэнду қаласында өтеді.