Универсиаданың жаңа мерзімі барлық мүдделі органдармен келісілгеннен кейін белгілі болады. Дүниежүзілік студенттік ойындардың атауы және Чэнду турнирінің логотипі сақталады.
21:34, 02 Сәуір 2021
Қытайдың Чэнду қаласындағы Дүниежүзілік жазғы Универсиада 2022 жылға ауыстырылды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Чэнду қаласында (Сычуань провинциясы, ҚХР) 2021 жылдың тамыз айында өтпек болған Дүниежүзілік жазғы универсиада пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.