Қытайдың ғарышкерлер жасағында әйелдер пайда болды

None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Қытай ғарыш саласының өкілдері бүгін жеті жаңа қытайлық ғарышкерлердің (тайкунавтар) тізімін жариялады, деп хабарлады Синьхуа ақпараттық агенттігі.

Қытай ғарыш саласы тарихында тұңғыш рет тізімге екі әйел енгізілді. Әзірге жеті үміткердің есімдері аталған жоқ, оларды жаттығу кезеңінде жариялау жоспарланып отыр. Дегенмен шенеуніктердің айтуынша, барлық ғарышкер 30 бен 35 жастың аралығында, олардың бәрінің де отбасы және жоғары университеттік білімдері бар. Сондай-ақ бес ер адам ҚХР халық-азаттық армиясының әскери ұшақтарының ұшқышы болған. Олардың әрқайсысының орташа 1270 сағаттан ұшу тәжірибелері бар.