Қытайдың Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У Банго мырза Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келеді деп күтілуде
15:52, 23 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат. Жексенбі, 25 қыркүйек күні, Қытайдың Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У Банго мырза Парламент Мәжілісі үйіне келетіні жоспарлануда, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Мәртебелі мейманды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов қарсы алады деп күтілуді.