Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада еліміздің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары демалысты ұйымдастырған екі туристік фирма арасындағы қаржылық дау-дамайға байланысты республикамыздың 100-ден астам азаматының Қытайдың Хайнань аралынан Қазақстанға орала алмай отырғанын жазған болатын.
«Олардың басым бөлігі 22 қаңтарда туристік компаниялардың бірі ұйымдастырған арнайы авиарейспен елге оралды. Ал қалған бөлігі өз міндеттемелерін орындаған компаниялардың немесе өз қаражаттары есебінен қайтып келді», - деді ресми өкіл.
Дегенмен А.Әбдірахмановтың айтуына қарағанда, демалысын одан әрі жалғастыруды қалаған еліміздің екі азаматы аралда қалып отыр. Олардың визалары 31 қаңтарға дейін жарамды.