Жергілікті биліктің мәліметінше, таңғы сағат 04.00 шамасында торнадо Даньчжоу қаласымен өткен. Құрылыс алаңында жұмысшылардың қосалқы нысанының қирауы салдарынан сегіз адам мерт болды. Бір адам ауыр зардап шеккен. Сондай-ақ, бір жұмысшы жеңіл дене жарақатын алған.
Билік оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бригада жіберді.