Журналистердің мәліметтерінше, жарылыстың күшті болғаны сонша, жоғары энергия отынын өндіру цехын толығымен жойып жіберген. Жарылыс толқыны жақын жерде орналасқан үйлердің терезелерін жарған. Билік қайғылы оқиғаның себептерін анықтауға кірісті.
21:01, 28 Ақпан 2012
Қытайдың химиялық зауытында жарылыс болды
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігіндегі химиялық зауытта күшті жарылыс болып, соның салдарынан 13 адам қаза тапты, тағы 43-і түрлі жарақаттар алды. Бұл туралы шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасаған Утро.ру хабарлайды.