Қытайдың ішкі аудандарында А/H1N1 тұмауының 118 ауыр оқиғасы тіркелді

БЕЙЖІҢ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігінің қарашаның 2-дегі мәліметтері бойынша, елдің ішкі аудандарында (Сянган, Аомэнь және Тайваннан басқа жерлерде) А/H1N1 тұмауының 48 мың 748 оқиғасы тіркелген, оның ішінде 118 оқиға - ауыр формада өтсе, 7 оқиға кісі өлімімен аяқталды.

Денсаулық сақтау министрі Чэнь Чжудың айтуынша,   «А/H1N1    тұмауының  таралу  қарқынын  төмендетуге  және     аурудың ауыр формалары мен  кісі  өлімімен   аяқталу фактілерінің тәуекелдерін   азайтуға     тырысу керек». Чэнь Чжу  сондай-ақ       Қытайда    жаңа тұмаумен ауыру  маусымының    жедел және     тұрақты өсу  кезеңі пайымдалғаннан ерте келгені  туралы  мамандардың  пікірлерін    келтірді.   Мамандардың   сөздеріне қарағанда,       тұмау  маусымы   2010 жылдың  наурыз  айынан  ерте   аяқталмайды.