БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласының көмір шахталарының бірінде 18 адам көміртек моноксидімен уланып қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару операциясы штабының мәліметінше, Чунцин қаласындағы Дяошуйдун шахтасында көміртегі моноксидінің шамадан тыс деңгейінен 18 адам көз жұмған.
Бір шахтер құтқарылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.
Еске сала кетсек, жұма күні кешке Чунцин қаласындағы Дяошуйдун көмір шахтасындағы апат салдарынан 24 шахтер жер астында қалған болатын.
Авторы Руслан Сүлейменов
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.