Қытайдың көмір шахтасындағы жарылыстан 4 адам опат болып, 34-і жараланды

None
АСТАНА. Шілденің 8-і.ҚазАқпарат - Қытайда көмір шахталарының біріндегі жарылыс салдарынан кем дегенде 4 адам опат болып, 34 адам жараланды. Оқиға Қытайдың Хэнань провинциясында болған, деп хабарлайды РБК.

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуына қарағанда, жарылыс жердің үстінде шахтаның жанында орналасқан құрылыста болған.

Қайғылы оқиғаның анық-қанығы әзірге белгісіз. Құтқару жұмыстары жүргізілуде.