Ван Шулинь ханымның айтуынша, Қорғас қаласының туризм басқармасы Алматыда өтетін 28-ші бүкіләлемдік Универсиадаға барынша көп адам апару үшін ірі маркетингтік жоба жасамақ ниетте.
«Біз Қорғас халқына, 2017 жылғы Универсиаданы барынша танытқымыз келеді. Былтыр біз шетелге 18000-ға жуық турист шығарғанбыз. Бұған арнайы маркетингтік науқанның арқасында қол жеткіздік. Енді біз Алматыдағы Универсиада ойындарына барынша көп турист апару үшін тынбай еңбек ететін боламыз. Айта кетейін, маркетингтік компанияны жүргізу - ішкі қаржымен қамтамасыз етіледі. Универсиада ұйымдастыру комитеті тарапынан шығын болмайтынын айта кеткен жөн»,- деді Ван Шулинь ханым.
Айта кетелік, Универсиаданың туристтік мүмкіндігі қазір Алматыда өтіп жатқан «KITF-2016» көрмесінде көрсетілді. Онда Универсиаданы ұйымдастырушы комитет, туристерді қабылдау мүмкіндіктері жайлы толыққанды мәлімет берді.
«Алматыдағы 28-ші бүкіләлемдік Универсиада ойындарының басталуына бір жылдан аз уақыт қалды. Біз қаламызға 30 000-ға жуық турист келеді деп күтіп отырмыз. Қазір біз қазақстандық ірі туристік компаниялармен бірге 2017 жылғы Универсиаданың тур-пакетін жасап жатырмыз. Сондай-ақ, Мегаполистің қонақтары үшін визалық жұмыстарды жеңілдету, туристерді қонақ үйлерге жайғастыру және жарыс билеттерін таратуды реттеу мәселелері қарастырылып жатыр»,- деді кездесу барысында Дирекция басшысының орынбасары Дастан Сейітқазин.