Қытайдың «Куньлунь» хоккей командасы ҚР Президенті Кубогында бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасында алғаш ойынайтын қытайлық «Куньлунь» хоккей командасы Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Кубогына қатысады, деп жазды Sports.kz.

Сондай-ақ, турнирге «Адмирал», «Металлург», «Барыс» командалары қатысады. Бұл жайында Астанадағы баспасөз мәслихатында «Барыс» ХК президенті Александр Корешков хабарлады.