Қытайдың Қызылсу-қырғыз автономиялық облысында 50 жылдан бері болмаған қара боран соқты
16:28, 30 Наурыз 2010
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/ - Қытайдың Қызылсу-қырғыз автономиялық облысында 50 жылдан бері болмаған қара боран соғып, 36 мың адам зардап шекті.
Бұл туралы ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Наурыздың 27-сінен бастап, Тарым ойпатының батыс оңтүстік жиегіндегі Қызылсу-қырғыз автономиялық облысында 50 жылдан бері болмаған сұрапыл қара боран соқты. Тосын апаттан мыңдаған қора-жайлар құлап, неше мың мал шығынға ұшырады.