Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындары басталды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Олимпиада ойындарын ашық деп жариялады.

Еске сала кетейік, ІІ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 21 спорт түрі бойынша 42 лицензия жеңіп алынған. Қазақстан атынан 50 спортшы және 20 бапкер барды.

Жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада 16-28 тамыз күндері аралығында өтеді.