Қытайдың оңтүстігінде 132 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы дүйсенбіде Қытайдың орталық телеарнасы Weibo-дағы аккаунтында SCAR төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап мәлім етті.

Қайғылы оқиға Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы биік таулы аймақтарда болды.

Ұшақ бортында 132 адам – 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған.

Қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнында өрт шыққан.

Апат болған жерге құтқару қызметі жөнелтілді.

Ұшақ құлаған жер таулы аймақ болғандықтан құтқарушылардың апат орнына жетуі қиындаған.