Қытайдың оңтүстігінде 20-ға жуық автомобиль соқтығысып, алты адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемінде 19 автомобиль соқтығысқан бұл апат қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында орын алды. Алты адам қаза тауып, 15-і зардап шекті.

Сенбі күні Синьхуа агенттігі полицияға сілтеме жасап хабарлағандай, апат жергілікті уақытпен сағат 9.29-да Цинъюань қаласы аумағындағы тас жолда болған.

Соқтығысқан бірнеше машина отқа оранды. Қазіргі таңда құтқару операциясы жүріп жатыр. Жол-көлік апатының себебі әзірге белгісіз.