Қытайдың оңтүстігінде болған өрттен жеті адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы (оңтүстік Гуандун қаласы) өрттен жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиға таң алдында Баоань ауданындағы жалға берілетін ғимаратта болған.

Қазір өрт сөндірілді және оның себептері анықталып жатыр.