Жарылыс Лючжоу округінде алты қабатты тұрғын үйде жергілікті уақытпен таңғы сағат 8 орын алды, деп хабарлады Би-Би-Си.
Мемлекеттік БАҚ хабарлағандай, қираған ғимараттың бөлшектері жарылыстың қуаттылығынан жолға шашылған. Жарылыс себебі әзірге белгісіз, жапа шеккендер туралы хабар түспеді.
Бір күн бұрын Лючжоуда 17 жарылыс орын алды. Салдарынан жеті адам қаза тапты. Онда жарылысқа жергілікті аурухана, қалалық базарлар, сауда орталығы, автобус стансасы және бірнеше үкіметтік мекеме, соның ішінде түрме және шенеуніктерге арналған жатақхана ілікті.
Полиция бомбасы бар сәлемдемелерді таратты және жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстады.
ҚХР қоғамдық қауіпсіздігі министрлігі хабарлағандай, жарылыстар туралы іс қылмыстық ретінде тергеліп жатыр. Күдікті лаңкестік жасады деп айыпталып отырған жоқ.
Екі күнгі жарылыстардың байланысы бар не жоғы белгісіз.
Жергілікті пошта қызметі сенбі күніне дейін барлық затты жіберуді тоқтатты.