Қытайдың оңтүстігінде көшкін салдарынан 11 адам қаза тауып, 12 адам із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясында лай көшкіні салдарынан 11 адам көз жұмып, 12 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көшкін жүрген кезде Бицзе қаласы маңындағы ауылда 30-ға жуық адам болған. Олардың жетеуі аман қалды.

Оқиға орнында 800 әскерилер мен құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Жоғалғандарды іздеу жұмыстары ауыр техниканың көмегімен жүзеге асырылуда.