Қытайдың оңтүстігінде полиция 177 жасөспірім қызды құлдықтан құтқарған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қытайдағы Юньнань провинциясында полиция адам саудасымен айналысқан ірі қылмыстық топтың жолын кесті. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, арнайы операцияның арқасында құл сатумен айналысатындардың қолынан Мьянманың 177 жасөспірім қыздары құтқарылған. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Құқық қорғау органдары мәлімдегендей, тәртіп сақшылары барлығы 37 қылмыскерді ұстаған. Тергеу деректеріне сүйенсек, қаскүнемдер балаларды Мянманың ауылдық жерлерінен ұрлап, оларды заңсыз Қытай аумағына асырып, 50-80 мың юаньға (8-13 мың доллар) сатқан.