Қытайдың оңтүстігінде «Трами» тайфунынан 125 мыңға жуық адам зардап шекті

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында «Трами» тайфунынан 125,7 мың адам зардап шегіп, 2,9 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Апат салдарынан 6,17 мың гектар ауылшаруашылық жерін су басты, 492 ғимарат бүлінді.

Ресми дерек бойынша, тайфун келтірген залал 25,29 млн юань /4,13 млн. доллар/ болып бағаланып отыр.

Вьетнамда өсетін экзотикалық гүлдің есімін алған «Трами» тайфуны осы маусымдағы Тынық мұхитың он екінші тайфуны болып отыр.