Қытайдың оңтүстігіндегі қатты нөсер салдарынан 13 адам қаза тапты, 33 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында
08:15, 22 Қыркүйек 2010
БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Гуандун провинциясындағы Гаочжоу, Синьи және Янчунь қалаларында (Қытайдың оңтүстігі) «Фанами» дауылының салдарынан 13 адам қаза тапты,
тағы 33 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы құрғақшылық пен су тасқынына қарсы күрес жөніндегі провинция штабы хабарлады.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, адамдардың опат болуына қатты жауған нөсер мен тасқын су себеп болған.