«Фанапи» тайфуны Қытайдың оңтүстігіне алып келген нөсер жауын Гуандунда дүйсенбіден бері толастаған жоқ. Бұған дейінгі ақпараттарда 33 адамның қаза болғаны, тағы 42 адамның із-түзсіз жоғалғаны айтылған болатын. Ал соңғы мәліметтер бойынша, апат құрбандарының саны 50 адамға жеткен, тағы 30 адамның тағдыры белгісіз.
Табиғаттың тосын мінезінен аймақта 1 миллионнан астам адам зардап шегіп отыр. Толық емес мәліметтер боынша, нөсер себеп болған лай көшкіндері 1,5 мыңдай үйді шайып әкеткен. Тікелей экономикалық шығын 2 миллиард юаньға (298,5 миллион доллар) бағаланған. Лай көшу қаупіне байланысты 80 мыңдай адам қауіпсіз жерлерге көшірілген.