деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsru.com. сайтына сілтеме жасап.
Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 04:22-де орын алған.
Сянфань қаласынан (Хубэй провинциясы) Чжаньцзян қаласына (Гуандун провинциясы) келе жатқан жолаушылар пойызы Қытай Халық Республикасының Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласының аумағында рельстен шығып кеткен.
Апатқа топырақ көшкіні себеп болған.