Қытайдың оңтүстік-батысында болған жол-көлік апатынан 13 адам ажал құшты

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Гуйчжоу елді мекенінде автобус тас жолдан шығып кетіп, 100 метр биіктіктен құлады, 13 адам мерт болды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Оқиғаның салдарынан барлығы 21 адам жарақаттанды, олардың 10-ы ауыр халде. Хабарланғандай, қайғылы оқиға орын алар кезде автобустың ішінде 34 адам болған. Айта кеткен жөн, лицензия бойынша бұл автобус 19-дан аспайтын адамды тасымалдауы тиіс.