Қытайдың оңтүстік-батысында нөсер-жауын салдарынан 18 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апта басынан Қытайдың бірқатар провинциясындағы найзағай соғып, нөсер жауынның жаууынан шамамен 18 адам қаза тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Бұл бірнеше миллион адамға зардап әкелді.

Оңтүстік-батыс Гуйчжоу провинциясында 7 адам селден, найзағайдың соғуынан және үйлердің құлауынан жапа шекті. Тағы үшеуі із-түзсіз жоғалған деп есептеледі. Провинцияның 90 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. 5,8 мың үй бұзылды, 16,3 мың мекемеге де залал келтірілді. Сондай-ақ 300 мың үй электр энергиясыз, 100 мың ғимарат сусыз қалды.

Елдің шығысындағы Цзянси провинциясында алты адам жай (найзағай) түсіп қаза тапты. Ауа райының қолайсыздығынан 166 бұзылып, 277 мың гектар егіс алқабына теріс әсерін тигізді. Табиғи апат әкелген экономикалық шығын 186 млн. юаньді (30 млн. доллар) құрады. Цзянсиге көршілес Хунань провинциясында 5 адам көз жұмып, 14 із-түзсіз жоғалды. Табиғи апат салдарынан 1,3 мың үйді бұзылды, 283 мың тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.