Қытайдың оңтүстік батысында шахтадағы жарылыстан кемінде 18 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар дүйсенбі күні Чунцин қаласында көмір шахтасында болған жарылыстың тағы үш құрбанын тапты. Осылайша қаза болғандар саны 18-ге жетті.

Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.

 

Тағы 15 кенші топырақ астында қалды, оларды іздеу жалғасуда. Жарылыс кезінде барлығы 35 жұмысшы болған, олардың екеуін сыртқа шығарып үлгерді.

 

Оқиға орнында 400-ден астам құтқарушы жұмыс істеуде, жедел жәрдемнен 20 бригада  кезекшілік етуде. Полиция тергеу жүргізуде.

Чунцин билігі жылдық 90 мың тонна өнім көлеміндегі барлық шахтаны уақытша жауып, қауіпсіздікті тексеруді бастамақ.