Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.
Тағы 15 кенші топырақ астында қалды, оларды іздеу жалғасуда. Жарылыс кезінде барлығы 35 жұмысшы болған, олардың екеуін сыртқа шығарып үлгерді.
Оқиға орнында 400-ден астам құтқарушы жұмыс істеуде, жедел жәрдемнен 20 бригада кезекшілік етуде. Полиция тергеу жүргізуде.
Чунцин билігі жылдық 90 мың тонна өнім көлеміндегі барлық шахтаны уақытша жауып, қауіпсіздікті тексеруді бастамақ.