Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, геологтар 15 қараша күні із-түзсіз жоғалған, оларды іздестіруге 3 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Геологтардың ең үлкені 32 жаста, ең кішісі 25 жаста болған. Олардың барлығы әскерге барған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүріп жатыр.
15:19, 22 Қараша 2021
Қытайдың оңтүстік батысындағы тауда жоғалған 4 геолог өлі табылды
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік батысындағы Юньнань провинциясындағы орманмен өрілген тау сілемінің аумағында дүйсенбі күні ҚХР Геологиялық барлау басқармасы экспедициясының жоғалған төрт мүшесінің денелері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.