Қытайдың оңтүстік батысындағы жол апатынан 11 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік батысындағы Гуйчжоу провинциясында жүк көлігі аударылды. Салдарынан 11 адам ажал құшып, тағы 19 жарақаттанды.

Жексенбі күні Синьхуа агенттігі хабарлағандай, апат сенбі күні Сочжай ауылының маңындағы тас жолда болған.

Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілді.

Полиция апат себептерін анықтауға кірісті.