Қытайдың Шэньчжоу-IX» ғарыш кемесі «Тяньгун-І» орбиталдық модулі­мен түйісті

АСТАНА: 19 маусым. ҚазАқпарат -  Қытай елінің  «Шэньчжоу-IX» ғарыш кемесі «Тяньгун-І» орбиталдық модулі­мен түйісті. Түйісу штаттық режімде өтті,

деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

 Қытайдың 3  азаматының ғарышта он күндей болуы көзделіп отыр. Олардың бірі - бұл ел тарихында тұңғыш рет ғарышқа ұшқан әйел Лю Ян. Ал «Тяньгун-І» ғарышқа 2011 жылғы 29 қыркүйекте шығарылған. Енді Қытай елі Айға адам аттандыруды жоспарлап отыр.