Шэньян қаласында үшінші балалы болған ерлі-зайыптылар сәби үш жасқа толғанға дейін ай сайын 500 юань (шамамен 72,6 доллар) жәрдемақы ала алады. Төлемдер 2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап есептеледі.
Қытайдың көптеген қаласында бала тууды қолдау үшін бірқатар саяси шара қабылданып жатыр, соның ішінде бала күтімі шығындарын азайту. Кейбір провинциялар мен аймақтарда жергілікті үкімет екінші немесе үшінші баласы бар отбасыларға білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй мәселелерінде қолдау көрсетуді қолға алды.
Шэньчжэнь және Вэньчжоу сияқты қалаларда бір балалы отбасылар арасында сауалнама жүріп, бала тууды қолдау саясатын оңтайландыру туралы пікірлер жиналды.
Ал, Ханчжоу қаласында тіркелген отбасылардың барлығы жаңа туған баласы үшін жәрдемақы алуға өтініш бере алады.