Үйінділердің астында қалып қойған адамдардың саны белгісіз, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
China Daily газетінің мәліметтері бойынша, лай көшкіні Чжэцзя провинциясындағы Вэньчжоу қаласында орын алды. Таудың етегіндегі бірнеше үй лайдың астында қалды.
Құтқарушылар үйінділердің астынан алты адамды шығарып алды, жұмысты әрі қарай жалғастыруға лай мен тас үйінділері кедергі келтіруде.
Соңғы бірнеше күннің ішінде «Моракот» дауылынан Қытайдың Фуцзянь, Чжэцзян, Цзянси және Аньхой провинцияларында 7,8 миллионнан астам адам зардап шекті, үш адам қаза болды. Ал Тайванда лай көшкінінің салдарынан таудағы деревняда 400 адам із-түзсіз жоғалып отыр.