Қытайдың шығысында орналасқан химиялық зауытта жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чжанчжоу (Фуцзянь шығысқытайлық провинциясы) қаласындағы мұнай химиялық зауытта жарылыс болды, деп хабарлады ТАСС.

Куәгерлердің ақпаратынша, жарылыс шамамен жергілікті уақытпен сағат 19:00 (14:00 мск) болған. Жапа шеккендер туралы хабар келіп түспеді. Бұл туралы жергілікті "Цюаньчжоу ван" жаңалықтар порталы хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға орнының маңындағы ғимараттардың шатыры ұшқан. Ғаламторға орналастырылған оқиға орнында жасалған суреттерден жарылыстың ауқымды болғанын көруге болады.

Оқиға орнына 80-ге жуық көлік пен 430 құтқарушы жіберілді.